Әкімдік мектеп оқушысын сыныптастары өлімші етіп сабағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Сымбат Сатыбалдина

Қонаев қаласының әкімдігі оқушыны сыныптастары өлімші етіп сабағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚПАРАТ ҚАЙДАН ШЫҚТЫ

Бұған дейін Алматы облысында 9-сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастағаны туралы ақпарат тараған еді. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

- Қалаға кіре беріс алып көпірдің асты күші тасыған оқушыларға күшті мекен болды. Топтық төбелес, тығылып ішу, тарту бәрі осында өтеді. Кеше ғана 9 сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастаған, деді журналист. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕДІ

Полиция өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерттеу үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ НЕ ДЕЙДІ

Сондай-ақ білім бөлімі орта мектеп-гимназиясындағы тәртіптік жағдайға қатысты комиссия құрды. Оқушы «Антисептикпен улану» диагнозымен ауруханаға түскен. Қазіргі таңда жағдайы жақсы, ем қабылдауда.

Оқушының анасы төбелес болғанын жоққа шығарып, бейнежазба түсірді. 

- Осы жылдың 31 қаңтарында кәмелетке толмаған ұлым жергілікті ауруханаға түсті. Қаланың кіреберіс көпірінің астында ұлымды ешкім соққыға шыққан жоқ және ешқандай топтық төбелес болған жоқ, - дейді оқушының анасы.