Астанадағы спорт кешенінде полиция қызметкері қайтыс болды

Сымбат Сатыбалдина

Астанадағы спорт кешенінде полиция қызметкері қайтыс болды. Бұл ақпаратты Астананың полиция департаменті растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

gov.kz

ТЕРГЕУ

Астананың полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерінің өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған. 

СЕБЕП

Алдын ала болжам бойынша, полиция қызметкері залда ауыр жаттығулар жасағаннан кейін есінен танып қалған. Жедел жәрдем бригадасы реанимациялық шаралар жасағанымен полицейді аман алып қалу мүмкін болмаған. 

Медициналық қорытындыға сәйкес, өлімге миокард инфарктісі себеп болған.