Қазақстанда доллар арзандай түсті

Сымбат Сатыбалдина

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандағаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

KASE Қазақстан қор биржасындағы күн сайынғы саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 520,27 теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштен 1,56 теңгеге төмен.

Ал айырбастау орындарында долларды орташа есеппен 520,5 теңгеден сатып алып, 522,5 теңгеден сатуда.