«Қарызды жап» деп көп мазаламайды: микронесие ережелеріне өзгеріс енгізілді

Сырым Қаржас

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микронесие беру тәртібіне байланысты арнайы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

АРНАЙЫ ҚАУЛЫ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микронесие беру мәселесіне байланысты арнайы қаулы қабылдады. Құжат микроқаржы ұйымдары қызметкерлерінің мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

СОНДА НЕ ӨЗГЕРЕДІ

Қаулыға сәйкес, мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылармен өзара іс-қимыл телефон арқылы, оның ішінде ұйымның бастамасы бойынша интернет желісінде қоңырау шалу үшін қосымшаларды пайдалана отырып, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде бір рет қана қоңырау шалу керек.

Қарыз алушымен өзара іс-қимыл кезінде оған берілетін ақпарат бойынша талаптар белгіленді, атап айтқанда кредитор мыналарды атап айтуы тиіс:

  • ұйымның атауын;
  • ұйымның орналасқан жерін;
  • өзара іс-қимылды жүзеге асыратын тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), лауазымын;
  • шартта көзделген берешектің, негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомалары қалдығының құрылымдарын;
  • қарыз алушының шартта, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан заңында көзделген жауаптылығы және өзге де міндеттемелерін.

ЖОСЫҚСЫЗ ӘРЕКЕТТЕР

Сондай-ақ қаулы бойынша мынадай жосықсыз әрекеттердің тізбесі енгізілді:

  • мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушыға және (немесе) оның өкіліне және (немесе) үшінші тұлғаға ұйым қызметкерінің дәйексіз тектерін, және (немесе) аттарын және (немесе) әкесінің аттарын (ол бар болса), сондай-ақ орналасқан жері және (немесе) лауазымы туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді  хабарлау;
  • мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушыны және (немесе) оның өкілін және (немесе) шарттың шеңберінде ұйыммен міндеттемелермен байланысты үшінші тұлғаны берешектің мөлшеріне, сипатына және туындау негіздеріне қатысты жаңылыстыру;
  • өзара іс-қимыл жасалатын адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату не осы адамның мүдделеріне мүліктік зиян келтіруі мүмкін мәліметтерді жария ету;
  • мерзімі өткен берешекті реттеу және (немесе) өтеу үшін қарыз алушының орналасқан жері және (немесе) байланыс деректері белгіленген жағдайларды қоспағанда, шарттың шеңберінде ұйыммен міндеттемелермен байланысты емес үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау.

Жоғарыда көрсетілген түзетулер 2025 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

НЕСИЕНІ АЗАЙТУ

Сондай-ақ, қаулыд қарыз алушы – жеке тұлға микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініш берген кезде оның ақпараттандыру объектілері арқылы микроқаржы ұйымына жүгіну мүмкіндігі беріледі. Микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде, қарыз алушының микроқаржы омбудсманына жүгінуге болады. Ұйымның қарыз алушыны туындаған мерзімді кешіктіру және қарыз алушы-жеке тұлғаның берешекті реттеу үшін жүгіну құқығы туралы хабардар ету мерзімі күнтізбелік 20 күннен 10 күнге дейін қысқартылды.