-35°C дейін аяз: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сымбат Сатыбалдина

Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ҮШ КҮН

Келесі үш күнде республиканың басым бөлігінде кең антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

СОЛТҮСТІК АЙМАҚТАР 

Ақмола облысында, солтүстікте, солтүстік-батыста және елдің оңтүстігінде ауа райына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Аздаған қармен бірге бұрқасын күтіледі.

ОҢТҮСТІК АЙМАҚТАР

Ал оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанып отыр. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі мүмкін.

Ауа температурасының төмендеуі кезең-кезеңмен болады, батыста түнде –10-15°C, солтүстік-батыста –17-25°C, солтүстікте, орталықта –17-28°C, шығыс аймақтарында –18-35°C дейін төмендеуі күтілуде.