Forte ребрендинг жүргізгенін жариялады

Сырым Қаржас

Қазақстанның ірі банктерінің бірі, «ForteBank» АҚ, ребрендинг жүргізгенін жариялады. Ребрендинг жаңа логотипті, графикалық символды, слоганды және түс палитрасын қамтиды. Бұл жаңарту банктің он жылдық мерейтойына арналады және қаржы институтының дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Forte

Банктің жаңа ұмтылыстары мен философиясы жаңа слоганда көрініс тапқан: «Адамдарға көмектесеміз. Кәсіпкерлерді қолдаймыз. Болашақты ойлаймыз».

««Көмектесеміз. Қолдаймыз. Жасаймыз» слоганы — бұл біздің жұмыстың философиясы мен мән-мағынасы. Біз қаржылық қызметтер ұсынатын банк болумен шектелмей, сонымен қатар адамдар мен кәсіпорындардың өсуіне, батыл идеяларды жүзеге асыруына, жаңа бизнес-жобалар мен жұмыс орындарын құруына көмектесетін сенімді серіктес болуға ұмтыламыз. Бұл біздің мықты экономика мен гүлденген қоғамды құруға қосқан үлесіміз», — деп атап өтті «ForteBank» АҚ басқарма төрағасы Талғат Қуанышев.

Жаңа логотиптегі өрлемелі сызықтар таңның алғашқы сәулелерін еске түсіреді және банк үшін жаңа кезеңінің бастамасын білдіреді. Бұл логотип банкпен өзара байланысты жағымды етуге, ал қаржылық операцияларды жеңілірек, қолжетімдірек және жылдамырақ жасауға деген Forte-нің ұмтылысын көрсетеді.

Брендтің жаңартылған түстік палитрасы бірнеше реңктен тұрады, олардың әрқайсысы Forte құндылықтарын білдіреді: маджента (Forte) — күш, сенімділік, табандылық; терең күлгін (Forte Solo) — бірегейлік, ішкі күш және жеке болмыс; игі жасыл (Forte Premier) — мәртебе мен өзгешелік; қою көк (Forte Business) — кәсіби шеберлік, сенімділік, ашықтық; көк (Forte Corporate) — жауапкершілік, тұрақтылық, жоғары стандарттар.

Ребрендинг Forte банкінің барлық филиалдық желісінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Қазақстанның ірі банктерінің бірі, «ForteBank» АҚ, ребрендинг жүргізгенін жариялады. Ребрендинг жаңа логотипті, графикалық символды, слоганды және түс палитрасын қамтиды. Бұл жаңарту банктің он жылдық мерейтойына арналады және қаржы институтының дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді.