Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 40 мың теңге айыппұл салынсын – Нұрлан Өнербай

Сымбат Сатыбалдина

Әнші Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салуды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ulysmedia.kz коллажы

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. 

ҰСЫНЫС

- Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар! Айыппұлдың бір түрін халық өзіміз ұсынайық. Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салынсын, дейді әнші. 

ҚОЛДАУ

Нұрлан Өнербаевтың бұл жазбасын жүздеген адам қолдаған. 

- Астана мен Мен тұрып жатырған Солтүстіктегі орыс болып кеткен Қазақтар алфавит жаттасыншы. 

- Толықтай келісемін. Өз тілімізді өзіміз құрметтей кеттік шүлдірдеп.

- Мені де осы сұрақ мазалайды, Осылар ғана айыппұл ойлап таба бере ме? Қарапайым халық неге айыппұл ұсынбасқа?, дейді қазақстандықтар. 

АЙЫППҰЛ

Айта кетейік, бұған дейін көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін салынатын айыппұл қоғамда қызу талқыға түсіп, халық тарапынан наразылық болған еді. Кейін көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салу заңда жоқ болып шықты. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Бақытжан Базарбек мәлімдеді. Ол комитет тиісті түзетулер енгізгенін, оған сәйкес осындай нормаларды жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар бекіте алатынын атап өтті.