«Мектептерде тәтті деп есірткі тарататындар бар»: ІІМ мәлімдеме жасады

Сырым Қаржас

Ішкі істер министрлігі "мектептерде тәтті деп есірткі таратып жүргендер бар екен" деген ақпараттың рас-өтірігін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скриншот

ІІМ НЕ ДЕЙДІ

WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға "құлпынай квик" кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат таралып жатыр. ІІМ бұл таралым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн, – деп ескертеді ІІМ.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын еске салады.