Қазақстандық қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы айтарлықтай әлсірегеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 511,18 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,88 теңгеге төмен.
Қазір ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 512 теңгеге сатып алынады, 517 теңгеге сатылады.
Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығында теңге бір жыл ішінде 15%-дан астам әлсірегені айтылған болатын.