Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Сымбат Сатыбалдина

Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Жетісу облысы ПД

МӘН-ЖАЙ

Қайғылы оқиға 8 ақпанда Алматы-Өскемен тас жолының 271- шақырымында болған. 

АДАМ ШЫҒЫНЫ

Алдын ала мәліметтер бойынша, Ауди автокөлігінің жүргізушісі рөльге ие бола алмай жолдың ортасында тұрған ағашқа соғылған. Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты, тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

ТЕРГЕУ

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. 

ЕСКЕРТУ

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.