Азия ойындары: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

Сымбат Сатыбалдина

Қазақстан қоржынына Азия ойындарының 2-ші медалі түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: министрлік

КҮМІС МЕДАЛЬ

Қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіруден ерлер арасында 100 метрде бақ сынаған Евгений Кошкин (9.47) күміс жүлдені иеленді. 

Тағы бір отандасымыз Алтай Жәрдембекұлы 4-ші орыннан көрінсе, Артур Ғалиев 12-ші орын, Никита Важенин 15-ші орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, Харбиндегі Азия ойындары 7-14 ақпан аралығында өтеді. Қазақстан биатлон, керлинг, ски-альпинизм, хоккей, шорт-трек, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, фристайл-акробатика, тау шаңғысы және мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлерінен өнер көрсетеді.