2017 жылдан бері Балтық елдері бастаған жоспар іске асты. Олар Ресей мен Беларусьтың электр жүйесінен толық бас тартты, деп жазады Ulysmedia.kz.
БАЛТЫР ЕЛДЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ НЕ ДЕЙДІ
Латвия президенті Эдгар Ринкевич елдер "тәуелсіздікке тағы бір маңызды қадам жасалды" дей отырып, өз елі Еуропалық энергетикалық жүйенің бір бөлігі болды деп мәлімдеді.
Эстония басшысы Алар Карис 9 ақпанды "Балтық жағалауы елдері үшін тарихи күн" деп атады. Ресей енді ешқашан "энергияны бізге қарсы қару ретінде пайдалана алмайды" деп қосты.
Литва президенті Гитанас Науседа еуропалық электр желісіне қосылу "жаңа дәуірді белгілейді"деп мәлімдеді.
ТАРИХЫ
КСРО ыдырағаннан кейін Балтық елдері Ресейдің энергетикалық жүйесімен инфрақұрылым байланысын сақтап қалған. Мемлекеттердің Еуродаққа кіруі, сымдарды ауыстыруы энергетикаға қажеттілік мәселесін шеше алмаған. Бұл терең жаңартуды қажет ететін күрделі техникалық процес еді. Дайындыққа 18 жыл уақыт пен 1,5 миллиард еуродан астам қаражат кетті. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Балтық елдерінің БРЭЛЛ жүйесінен бас тарту процесі жылдамдай түсті.