Астанада сақалды құрылысқа айналған сауда орталығы сатылымға шығарылды

Krisha.kz

Астанада Республика даңғылындағы сақалды құрылысқа айналған сауда орталығы сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанада “Сити Палас” деп өзгертілген аяқталмаған көпфункционалды сауда-ойын-сауық орталығы 13,5 млрд теңгеге сатылымға қойылды. Бұрын бұл ғимарат “Respublika Plaza” атауымен белгілі болған.

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары тоқтатылған.

  • Іргетасы мен қабырғалары – 100% дайын
  • Шатыры – 20-30% дайын
  • Жабын плиталары – толық аяқталған
  • Қабырғалар – 90% дайын
  • Сыртқы әрлеу – 85% орындалған
  • Ішкі инженерлік желілер – 20% ғана аяқталған
  • Аумақты абаттандыру – 40% деңгейінде
  • Металл конструкциялар мен монолитті жұмыстар – 20% орындалған

Ғимарат жеңілбетон блоктарынан, газоблоктан және керамикалық кірпіштен салынған.

Нысан үш жер телімінде орналасқан:

  • 1,1087 га болатын екі жер телімі жеке меншікке тиесілі
  • 1,6645 га жер жалға алынған

Жақын маңда инженерлік коммуникациялар жүргізілген, ыңғайлы көлік жолайрығы бар.

САТУШЫ КІМ

Сатылым туралы хабарландырудың авторы – Jusan bank.

Еске сала кетейік, бұл ғимараттың құрылысы шамамен 10 жыл бұрын басталған, бірақ кейіннен тоқтатылған еді.