Экс-шенеунік «Қазақтелеком» топ-менеджментінде лауазымға ие болды

Сырым Қаржас

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бұрынғы вице-министрі Абылайхан Оспанов "Қазақтелеком" басқармасына келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Компанияның атқарушы органының құрамы сегіз адамға артты.

Компанияның цифрлық бизнес-филиалы дивизионының бас директоры  қызметіне Абылайхан Оспанов келді.

Абылайхан Оспанов цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін екі рет атқарған. Бірінші рет 2019 жылдан 2021 жылға дейін, екіншісінде 2024 жылдың шілдесінен бастап сол лауазымда болған. Сондай-ақ, "Фридом Банк Қазақстан" басқарушы директоры қызметін атқарған. 

Еске сала кетейік, 2024 жылдың маусым айында "Қазақтелеком" АҚ басқарма басшысы болып бұрынғы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин тағайындалған еді. Бағдат Мусин 2020 жылдың 2 қыркүйегінен бастап ҚР СІМ басшысы қызметін атқарды. 2024 жылдың 30 сәуірінде президент жарлығымен ол бұл қызметтен босатылды.