Ресей қауіпсіздік кеңесінің басшысы Шойгу Астанаға келді: оның жоспары қандай

Сырым Қаржас

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Астанаға келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАСС видеосынан скриншот

Жұмыс сапары барысында Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік кеңестері аппараттарының екіжақты консультациялары, сондай-ақ Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовпен кездесу өтеді, деп жазады ТАСС.

Тараптар әртүрлі саладағы екіжақты қатынастар мәселелерін, халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті сын-қатерлері мен қатерлерін, Орталық Азия өңіріндегі, сондай-ақ Сирия мен Ауғанстандағы жағдайды талқылайды, - деп атап өтті РФ қауіпсіздік кеңесі.

Шойгуды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды деп күтілуде.

Былтыр Гаагадағы сот Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгуды тұтқындауға санкция берген болатын.