2024 жылы Қазақстанда 125 544 неке тіркелген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ШІЛДЕ АЙЫНДА ТІРКЕЛГЕН
Қазақстанда үйлену үшін ең танымал ай шілде болған. Ал ең аз неке наурыз, мамыр және қараша айларында тіркелген.
Некені ең көп тіркеген өңірлер қатарында Алматы, Астана, Шымкент, сондай-ақ Түркістан және Алматы облыстары бар.
Мемлекеттік корпорация некені тіркеу үшін өтініш берудің бірнеше жолын еске салды:
Некені тіркеуге өтініш беру рәсімі той күніне дейін 15 күн бұрын жасалуы керек (өтініш берген күн есепке алынбайды). Қызметтің құны 3 864 теңгені құрайды.