Нұрәлі Әлиев басшылық қызметінен кетеді

Сырым Қаржас

Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесі төрағасы қызметі мен акционерлер құрамынан кетеді, передает Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Бұл туралы Нұрәлі Әлиев Instagram-да жазды. Өзінің айтуынша, ол компаниядағы өз үлесін сатады.

Бірінші президенттің жиені "Транстелекомды" 2013 жылдан бері басқарғанын жазады.

Ол кезде біздің алдымызда ауқымды міндеттер тұрды: ТТК-ны заманға сай, жоғары технологиялық компанияға айналдыру, инновацияларды енгізу және жаңа бағыттарды дамыту еді. Біздің команданың күш-жігері мен клиенттердің қолдауының арқасында біз бәріне қол жеткіздік.

 "Транстелеком" – 10 жыл ішінде Қазақстанды цифрландыру жөніндегі стратегияны дамытуға және іске асыруға елеулі үлес қосқан IT және инфокоммуникациялық қызметтердің толық спектрін ұсынатын ұлттық ауқымдағы компания, - деп жазды Әлиев.

НҰРӘЛІ ӘЛИЕВ КІМ

Нұралі Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариғаның ұлы. Былтыр «Транстелеком» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған. Көпшілің оның қызметке келуін  «ескі Қазақстанның оралуы» деп бағалаған.

«Форбс» журналының мәліметінше, Нұрәли Әлиевтің дәулеті 220 миллион долларға бағаланады. Оның ең маңызды активі 75% акциясына иелік ететін осы – «Транстелеком». Одан бөлек, «Capital Holding», «Darmen Holding» фирмаларында үлесі бар. Көбіне кәсіпте жүрген ол 2014-016 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.