Теңге нығая түсті: сарапшылар мұны не деп түсіндіреді

Сымбат Сатыбалдина

Сейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 506,25 теңгеге дейін төмендеп, соңғы екі айдан астам уақыт ішіндегі ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

СЕБЕБІ НЕДЕ

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, ұлттық валютаның бағамына сыртқы және ішкі факторлар қолдау көрсетуі мүмкін.

- Сыртқы факторлар арасында Ресей рублінің нығаюын, мұнай бағасының айтарлықтай өсуін және АҚШ доллары индексінің төмендеуін атап өтуге болады. Ал жергілікті нарықтағы жағдайға келетін болсақ, шетел валютасының ұсынысы, соның ішінде Ұлттық қордан аударылатын трансферттерді конвертациялау, ірі экспорттаушылардың 50% валюталық түсімін міндетті түрде сату талабы және алтын сатып алу операцияларын айна принципімен орындау қазіргі сұранысты толықтай жабуға мүмкіндік берді, – делінген жарияланымда.

Естеріңізге сала кетейік, валюта бағамдары өзгеріп тұруы мүмкін, сондықтан валюта айырбастамас бұрын нақтылап алған жөн.