Семейде қайтарылған активтің 2,6 миллиардына медициналық мекеме салынады

Сымбат Сатыбалдина

Абай облысында қайтарылған активтер есебінен Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖИ / ulysmedia.kz

МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕ 

Үкімет Семей қаласындағы 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді. 

59,4 МИЛЛИАРДТЫҢ ЕСЕБІ

Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар 13 нысанның құрылысына шамамен 59,4 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысындағы Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай, Ұлытау облысындағы Мыңадыр және Қаражал ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола және Алматы облыстарындағы Зеренді және Жалағаш ауылдарындағы спорт кешендері, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана, Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар. 

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ

Сонымен қатар «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңда көзделген субъектілердің қаражаты есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астана қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр.