Доллар құны 500 теңгеден түсіп кетті: валюта нарығында не болып жатыр

Сырым Қаржас

12 ақпанда доллар құны күрт төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Бүгін түстен кейін Астананың ақша айырбасу пункттері долларды 506,05 теңгеге сатып, 499,06 теңгеден сатып алып жатыр. Алматыда америкалық валютаны сатылар құны 503,84 теңге, сатып алу құны 499,96 теңгені құрайды.

Кеше Астанада доллар 512,38 теңгеге сатылып, 506,34 теңгеден қабылданған еді. Алматыда сатып алу-қабылдау құны 509,51 теңге және 507,09 теңге болған.

Ұлттық банктің ресми бағамы мынадай:

  • 1 доллар - 506,43 тенге.
  • 1 еуро - 522,43 тенге.
  • 1 рубль - 5,28 тенге.