-30°C дейін аяз, тұман, көктайғақ: бүгін – 13 ақпанға арналған ауа райы

Сырым Қаржас

Синоптиктер 13 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Астанада көшпелі бұлт жүреді, кейде аздаған қар, төмен қарлы боран болады. Оңтүстік-батыс жел 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде -13-15°C, күндіз -5-7°C аяз.

Алматыда күн бұлтты, түнде қар жауады деп күтілуде. Кейде тұман, жолдарда көктайғақ болады. Шығыстан жел секундына 2-7 метр. Түнде ауа температурасы -7-9°C аяз, күндіз +1+3°C жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс жел секундына 5-10 метрді құрайды. Түнде ауа температурасы -3-5°C аяз, күндіз +4+6°C жылы.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семейде жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10-15°C, облыстың шығысында, оңтүстігінде -20-25°C аяз, күндіз -2-7°C, облыстың батысында, шығысында -12°C аяз.

Алматы облысының оңтүстігінде түнде аздаған қар жауады, облыстың таулы аймақтарында қар, күндіз оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында аздаған жауын-шашын жауады. Оңтүстігінде, облыстың таулы аймақтарында кейде тұман, жолдарда көктайғақ болады. Шығыстан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -5-10°C , солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -15-20°C аяз, күндіз 0+5°C жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -5°C  болады. Қонаевта көшпелі бұлт жүреді, түнде аздаған қар жауады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -6-8°C аяз, күндіз -1°C пн +1°C аралығы.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбеде кей уақыттарда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -13-15°C, күндіз -8-10°C аяз.

Ақмола облысында аздаған қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 23-28 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. Көкшетауда таңертең және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -13-18°C, облыстың солтүстігінде -10°C, күндіз -3-8°C аяз.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -10-12°C, күндіз -1-3°C.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавлда 13 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -11-13°C, күндіз -5-7°C аяз.

Павлодар облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодарда күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -9-11°C, күндіз -4-6°C аяз.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. қ. Шымкент: 13 ақпанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Түркістанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде 0-5°C, облыстың солтүстігінде -8°C аяз, күндіз +2+7°C жылы, облыстың солтүстігінде -3°C.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Қарағандыда 13 ақпанда кей уақыттарда аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екіпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Ауа температурасы түнде -10-15°C, облыстың шығысында -18°C, күндіз -2-7°C, облыстың шығысында -10°C аяз.

Қостанай облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -12-14°C, күндіз -4-6°C аяз.

Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, облыстың орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі. Қызылордада 13 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -2-7°C аяз, күндіз +1+6°C жылы.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда кей уақыттарда аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -5-10°C, облыстың шығысында -13°C, күндіз -1-6°C аяз.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында жолдарда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде ауа температурасы -3-5°C аяз, күндіз +1+3°C жылы.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың таулы аудандарында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -3-8°C, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -13-18°C аяз, күндіз 0+5°C жылы, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында -3-8°C аяз болады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -9-14°C, облыстың оңтүстігінде -5°C, облыстың таулы аудандарында -19°C аяз, облыстың оңтүстігінде +5°C жылы, шығыста, облыстың таулы аудандарында -8°C аяз.

Шығыс Қазақстан облысының батысында солтүстігінде, шығысында таңертең және күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Өскеменде жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -16-21°C, облыстың солтүстік-батысында -11°C, облыстың солтүстігінде, шығысында -25-30°C аяз, күндіз -3-8°C, облыстың солтүстігінде, шығысында -13°C аяз.