Қазақстанда жұмыс істейтін Chevron мыңдаған қызметкерін жұмыстан шығарғалы жатыр

Сымбат Сатыбалдина

Chevron 2026 жылға дейін қызметкерлерінің 20%-ын қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Reuters агенттігінің мәліметінше, Chevron компаниясы 2026 жылдың соңына дейін ғаламдық жұмыс күшін 20%-ға қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл шешім бизнес құрылымын оңтайландыру және шығындарды азайту бағдарламасының бір бөлігі ретінде қабылданған.

СЕБЕБІ

Америкалық мұнай өндіруші компания соңғы уақытта өндірістік қиындықтарға тап болған. Атап айтқанда, қаржы шығындарының артуы мен Қазақстандағы ірі мұнай жобасының кешігуінің салдарынан Chevron шығындарын қайта қарастыруға мәжбүр болып отыр. 

Компанияның вице-төрағасы Марк Нельсон неліктен мұндай өзгерістер болғанын түсіндіріп, корпоративтік құрылымды оңтайландыру, технологияларды пайдалану арқылы тиімділікті арттыру және жұмыс ұйымдастыру тәсілдерін өзгерту жоспарланғанын мәлімдеді.

ҚАНША АДАМ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛАДЫ

2023 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, Chevron-да 40 212 қызметкер жұмыс істеген. Егер 20% қысқартылса, бұл шамамен 8000 адам жұмыссыз қалады деген сөз. 

Айта кетейік, Chevron-ның жанармай құю станцияларындағы 5400 қызметкер бұл тізімге кірмейді. Компания алдағы жылдары өндірісті оңтайландыру шараларын жалғастыратынын атап өтті.