Қазақстандық олигархтардан тәркіленген люкс брендтердің коллекциясы саудаға қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстандық олигархтардан тәркіленген қымбат сағаттар 27-28 ақпанда электронды аукцион арқылы сатылымға шығарылады. Бұл туралы E-Qazyna веб-платформасы хабарлады.
Барлығы 28 эксклюзивті сағат сатылымға қойылады.Аукцион екі кезеңнен тұрады:
Сатылымға шығарылған сағаттар арасында әйгілі швейцариялық брендтердің ерекше үлгілері бар: Мысалы Patek Philipp Grand Complications Perpetual Calendar бастапқы бағасы 16,37 млн теңге. Немесе Nautilus бастапқы бағасы 31,28 млн теңге. Сонымен қатар, Chopard, Cartier, Ulysse Nardin, Alpina, Perrelet, Eco Swiss, Harry Winston, Breguet, Montblanc, Blancpain және Rolex брендтерінің де үлгілері бар.
Аукционға қатысқысы келетіндер E-Qazyna платформасына тіркеліп, сауда ережелерімен танысуы қажет. Люкс сағаттар коллекциясына қызығушылық танытқандар үшін бұл бірегей мүмкіндік болмақ.
БҰҒАН ДЕЙІН
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы былтыр мемлекеттік аукцион сайтында қымбат бұйымдарды аукционға шығарған. Алайда ол бұйымдарды сатып алуға ешкім ниет білдірмегенін хабарлаған едік.
САУДАҒА ШЫҒАРЫЛҒАН ҚЫМБАТ БҰЙЫМДАР
Мемлекетке қайтарылған активтерді сатып, бюджетке қаражатын бағыттауға қаржы министрлігіне қарайтын Қайтарылған активтерді басқару компаниясы жауапты. Компания десе де, қандай мүлік кімнен қайтарылғанын, ол нысандар немесе асыл бұйым қандай жолмен мемлекет меншігіне өткенін ашып айтпайды.
Мемлекеттік аукцион сайтында осындай мүліктердің көз тартар бір шоғыры өткен айда саудаға шығарылған еді. Компанияның есебіндегі осы мүліктердің аукционы бүгін, яғни 22 қаңтарда өткізілген.