Өзбекстан билігі тұтқындарды түзетудің жаңа тәсілін қолға алды. Ел парламенті бірінші оқылымда кітап оқығаны үшін жазаны қысқарту мүмкіндігін қарастыратын заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Газета.uz басылымы жазады.
ҚАНДАЙ ҚҰЖАТ
Құжатқа сәйкес қылмыстық кодекске "сотталғандарды моральдық тұрғыда түзету" туралы жаңа бап енгізу жоспарланған. Осы бағдарлама аясында тұтқындар бекітілген тізімдегі әрбір оқылған кітап үшін жаза мерзімін үш күнге қысқарта алады, егер олар оның мазмұны бойынша емтиханды сәтті тапсырса ғана бұл жеңілдік беріледі.
Өзбекстан ішкі істер министрінің орынбасары Рамазан Шарапов көркем әдебиетті оқу сотталғандарға басқалардың эмоциялары мен сезімдерін жақсы түсінуге, сондай-ақ олардың мінез-құлқын қайта қарауға көмектесетінін атап өтті.
Көркем әдебиет сотталушыға өзінің сезімі мен эмоцияларын ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы басқа адамдардың сезімдері мен эмоцияларын, олардың дүниетанымы мен тілектерін түсінуге көмектеседі, —–деп атап өтті ол.
ӨЗБЕКСТАНДА ҚАНША ТҮРМЕ БАР
Өзбекстанда 49 түзеу мекемесі жұмыс істейді, онда 230 мыңнан астам кітап қоры бар кітапханалар бар.