Украина НАТО-ға кірмесе, оған 1,5 млн әскер керек – Зеленский

Сырым Қаржас

Украина президенті Владимир Зеленский Мюнхен конференциясында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жасанды интеллект/Ulysmedia

Украина президенті елдің НАТО-ға кіру-кірмеуі жөнінде пікірін айтты.

Егер біз НАТО-да болмасақ немесе әзірге онда кіре алмасақ, онда бізде қорғауға қабілетті армия болуы керек. Бұл тиісті деңгейде қару болуы керек деген сөз. НАТО-ның қаруы. Жауынгерлердің тиісті саны керек. Біздің, украин сарбаздары. Біраққанша? Мен сізге барлық әскерилермен ортақ ойға келген сандарды айтамын. Бұл 1,5 миллион әскер! Бір жарым миллион! - деді ол.

Оның айтуынша, "бүгінгі Америка мен президенті Трамп Украинаның НАТО-ға кіруі туралы айтуға әлі дайын емес".

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путинмен, содан кейін Владимир Зеленскиймен сөйлескен болатын.