Кеше, 15 ақпанда X әлеуметтік желісінде Адольф Гитлердің ресми белгісі бар аккаунты пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Гитлер өз жазбасында «Германияны қайтадан ұлы мемлекет етуге» шақырған, сондай-ақ криптовалюта туралы пікір білдірді.
Арада біраз уақыт өткенде әлеуметтік желі модераторы аталған парақшаны бұғаттаған. Сөйтсе, парақшаны біреу бұзған. Аккаунт Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге тиесілі болып шыққан. Қазір бұзылған аккаунт иесіне қайтарылды.