Мұғалімді жағадан алып, шапалақпен ұрған: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Сырым Қаржас

Кешелі бері әлеуметтік желіде белгісіз әйелдің мұғалімді жағадан алып, шапалақпен ұрған әйелдің видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скриншот

80 мыңға жуық жазылушысы бар “Қазақстан ұстаздары” мета-тобында аталған видеоны көрген көп адам мұғалімге қол көтерген әйелдің әрекетін қатты сынады. Бейнежазбада орта жастағы әйел сыныпқа кіріп келіп, айғайлап, мұғалімді жағадан алып, шапалақпен тартып жібереді. 

Ulysmedia.kz тілшісі Қазақстанның оқу-ағарту министрлігіне хабарласып, оқиғаның Өзбекстанда болғанын білді.

Бұл жағдай Қазақстанда болмаған. Өзбекстанның ресми органдары аталған факт бойынша ақпарат берді, – деп хабарлады министрліктен.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Өзбекстандағы БАҚ-тың жазуынша, видеоны оқушылардың бірі түсірген. Оның сыныптасының анасы мен мұғалімнің арасында жанжал болған. БАҚ-қа тараған ақпараттарға қарағанда, оқушылардың біріне мұғалім ауыр сөзбен ұрысса керек. Соны естіген анасы сыныпқа басып кіріп, ұстазға қол көтерген. Өзбекстанның мектепке дейінгі және мектептегі білім министрі Халила Омарова Сырдария ауданындағы оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын, соның нәтижесі бойынша ақпарат берілетінін хабарлаған.

Кейін мұғалімге қол көтерген оқушының анасы видео түсіріп, бәрінен кешірім сұраған.