Алексей Навальныйдың жылдығы: Қазақстанда саясаткерді еске алды

Сырым Қаржас

Бір жыл бұрын көз жұмған саясаткерді еске алғандар Астанада фотосуреті мен гүл шоқтарып қойып, Навальныйдың рухына құрмет көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia

Ашаршылқ құрбандарына арналған ескерткіштің жанына азаматтар келіп, гүл шоқтарын, Навальныйдың суретін қойды. Таңертеңнен кешке дейін адамдар қайтыс болған оппозиционерге осылай құрмет көрсетті.

Кейбір азаматтар “Еркіндік” деп қарға жазып кетті.

“Еркіндік!”

“Мен қорықпаймын, сіздер де қорықпаңыздар!” – деген еді тірісінде оппозционер.

НАВАЛЬНЫЙ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ

47 жастағы ресейлік саясаткер Алексей Навальныйды сот «экстремизм» бабымен былтыр 2023 жылы 19 жылға соттап жіберген. Ол жемқорлыққа қарсы күрес қорын құрып, зерттеу-тергеуімен айналысқан. 2010 жылдарға дейін кәсіпкер, журналист қызметімен танымал Навальныйдың аты сол жылдардан бері шыға бастаған. 

Саясаткердің Ресей билігімен тіресіп, партия құрғысы келіп, оны тіркей алмай, әуре-сарсаңға түскен жылдары бар. Сайлауға да түсті. Навальный мен Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоры «Ресей қоғамдық бастамасы» сайттарында ресейлік шенеуніктердің жемқорлығы жайлы біршама материал жариялады.

2011-2018 жылдар аралығында Навальный 10 рет әкімшілік қамауға алынған. Жалпы, осы уақыт ішінде абақтыда 192 күн болған. Deutsche Welle хабарлауынша, Навальныйдың темір тордың ар жағында өткізген уақыты 2017 жылы күрт өсіп, 2018 жылы 80 күнді құрады. Навальный 2011-2019 жылдар аралығында 474 күн қамауға алынды (оның 232-сі арнайы тергеу изоляторында, 242-сі үйқамақта).

Әйтсе де, Навальныйға Ресей президенті «Путинге тісі батпайды» деген сыны жиі айтылатын. Бұл сынды саясаткер бертін Путиннің сарайы жайлы түсірген зерттеуімен ысырды.

2020 жылы 20 тамызда Томскіден Мәскеуге қарай ұшқан Алексей Навальныйдың жағдайы ұшақта күрт нашарлап, ол есінен танып қалған. Алғашында Омбы ауруханасына жатқызылған саясаткер екі күннен кейін Германиядағы клиникаға ауыстырылды.

2021 жылдың 17 қаңтарында Навальный Германиядан Ресейге оралды. Федералды қылмыстық атқару қызметінің жедел департаментінің іздеу бөлімінің қызметкерлері Мәскеудің Шереметьево әуежайында оны бірден ұстады. Федералды қылмыстық атқару қызметі Навальныйдың Ив Роше ісі бойынша сынақ мерзімін бұзуына және оған іздеу жарияланғанына байланысты ұсталғанын, осыған байланысты Навальный сот бұлтартпау шарасы шыққанға дейін қамауға алынатынын мәлімдеді.

Ресейдің федералдық жазаны атқару қызметі былтыр сотталған Алексей Навальный серуендегеннен кейін бірден есінен танып қалғанын, жедел медициналық көмек келгенше жүріп кеткенін хабарлаған. Оның әйелі кейін мәлімдеме жасап, күресті жалғастыратынын, Навальныйды Ресей президенті өлтіргенін мәлімдеген.