ҰҚШҰ алаяқтардың әрекетіне байланысты мәлімдеме жасады

Сымбат Сатыбалдина

Алаяқтар ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының атын жамыла бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

zviestki.info

МӘН-ЖАЙ

Әлеуметтік желілерде алаяқтар жаңа «қызмет» ұсына бастады — олар “егер сізді брокер алдаса ақшаны қайтарып беруге көмектесеміз” деп сендіре бастаған. Ең сорақысы, олар бұл әрекеттерін ҰҚШҰ атынан жасап жатыр.

- Алаяқтар ҰҚШҰ атын жамылып, заңсыз әрекеттерін жүзеге асырып жүр. Біздің ұйымның бұл әрекеттерге ешқандай қатысы жоқ. Абай болыңыздар!, деп мәлімдеді ұйымның баспасөз қызметі.

Ұйым өкілдері азаматтарды мұндай жалған уәделерге сенбеуге және күмәнді ұсыныстарға ілеспеуге шақырды.

- ҰҚШҰ немесе басқа да халықаралық ұйымдар алаяқтардың құрбандарына ақшаны қайтарумен айналыспайды. Егер сіз интернетте осындай ұсыныстарды көрсеңіз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз, делінген ресми мәлімдемеде.