Оралда француз дроны құлады

Ілияс Бақыт

18 ақпанда Бөкейорда ауданы Уялы ауылдық округі маңынан құлаған пилотсыз ұшу аппараты табылды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz  «Мой город» басылымына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіден

БҰЛ НЕ ДРОН?

Оқиға орнынан түсірілген суреттерді жергілікті тұрғындар бөлісті. Кейінірек бұл ақпаратты аудан әкімі Нұрлыбек Даумов растады, бірақ түсініктеме беруден бас тартты.

Ұшатын аппараттың ұзындығы – 120 сантиметр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеді.

Анықталғандай, бұл құрылғы француздық «Sagem» компаниясы жасаған «Crecerelle» барлау дронына қатты ұқсайды.

Қазіргі уақытта БПЛА Қазақстанның әскери қызметкерлеріне тапсырылып, облыс орталығы – Орал қаласында сақталуда.