Баланы тегін үйірмеге қалай тіркеуге болады

Ілияс Бақыт

Алматыда «Damubala 2025» бағдарламасы үшін қызмет көрсетушілерді іріктеу қатаңдатылды. Енді келісімшарттар жыл сайын қайта жасалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

Мониторинг қорытындысы бойынша адал емес орындаушылар тізімнен шығарылып, олардың деректері құқық қорғау органдарына берілді. 

22 қаңтар мен 4 ақпан аралығында спорт және шығармашылық саласындағы қызмет көрсетушілердің жаңа және бұрыннан бар өтінімдері қарастырылды. 

Алматы әкімдігі 1-21 қаңтар аралығында қызмет көрсеткен барлық жеткізушілерге төлем міндетті түрде жүргізілетінін хабарлады. 

ВАУЧЕРЛЕР ТУРАЛЫ

Ваучерлер қызмет көрсетушінің баланың заңды өкілімен келісімшарт жасауы бойынша жыл соңына дейін беріледі. 

Қызмет көрсетушілермен келісімшарт жасаудың маңызды талабы – балаларды 100% FaceID жүйесіне қосу болады. 

“Жаңа ережелер ваучерлерді әділ бөлуге және қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған”, – деп атап өтті әкімдік. 

Бағдарламаның ресми операторлары – Алматы қаласының аудандық әкімдіктері.