Маңғыстаудағы теміржол станциясында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
МӘН-ЖАЙ
Қазақстандыққа Маңғыстау облыстық полиция департаменті ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуге жариялады. Күдікті Қазақстанға Түркиядан келген.
- Ер адам жасы он алтыға толмаған баламен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттер жасады деген күдікке ілінді, дейді Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Ұсталған ер адам Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.