Сатиралық паблик иесі Еңсебектің соты тағы кейінге қалды

Ілияс Бақыт

Сатиралық Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебектің ісі бойынша сот процесі тағы да кейінге қалдырылды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

СОТ ОТЫРЫСЫ ҚАЙТА КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ

Кезекті сот отырысы ертең өтуі тиіс болатын. Алайда, адвокат Жанара Балғабаеваның айтуынша, төрағалық етуші судьяның «отбасылық-жеке жағдайларына» байланысты сот процесі белгісіз мерзімге ауыстырылды.

Қазіргі уақытта тыңдаудың жаңа күні мен уақыты белгіленген жоқ.

ІС ҚАРАУ ҰЗАРТЫЛУДА

Бұл сот отырысының алғаш рет кейінге қалдырылуы емес. Осының салдарынан іс қарау уақыты ұзарып келеді. Еске сала кетейік, Темірлан Енсебек сатиралық контент жасағаны үшін сотқа тартылған болатын. Билік оның материалы пайдаланушыларды шатастыруы мүмкін деп есептеген.

ТЕМІРЛАН ЕҢСЕБЕК ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ?

2021 жылдың мамыр айында Темірлан Енсебек құқық қорғау органдарының назарына тағы да іліккен. Ол кезде де оның паблигінде жарияланған контент себеп болған. Тергеу ҚР ҚК 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша жүргізілді.

Алайда, 2021 жылдың қыркүйек айында қылмыстық іс қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтатылған.