Көктемде Қазақстанда қырыққабат қымбаттап кетуі мүмкін деген болжамды премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Адамның мінез-құлқына қарап бәрін болжау мүмкін емес. Бізде кәсіпкерлер бағаны 100% да көтере салуы мүмкін. Егер біз 20% көтерсек, (ҚҚС) тауарлардың тұтас спектрі қалай болатынын тұспалдадық. Қалыпты эконометрикалық модельдерден бастадық. 20% қосымша құн салығы өссе, сәбіз 7% дейін қымбаттар еді. Мен елдегі бағалар үшін азық-түлік тауарларына жауап берем. Содан білем. Жақында картоп жыры болды, солай емес пе? Енді мәселе туындап, көктемге қарай қырыққабат, одан кейін басқасы болуы мүмкін. Бұл тіпті ҚҚС-қа да байланысты емес, бұл тек өнімнің маусымдылығына байланысты, - деді Жұманғарин Сенаттың Тaldau Talks подкастында.
Жұманғариннің айтуынша, қосымша құн салығы 16% өссе, инфляция 3,5% дейін болады, деп толықтырды министр.
Еске сала кетсек, Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеп жатқанын хабарлағанбыз.
Сондай-ақ бизнесвумен, Салық альянсының мүшесі Жанар Сүлейменова Қазақстан үкіметінің ҚҚС ставкасын 20 пайызға дейін көтеру туралы ұсынысына үн қатып, бастамаға қарсылық білдірді.
Экономикалық даулар саласындағы адвокат, бұрынғы салық кеңесшісі Жангелді Сүлейманов те Үкіметтің Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) ставкасын 20 пайызға дейін көтеру идеясымен келіспейтінін жеткізді. Кейін үкімет бұл салықты 16 пайыз болатынын айтты.