Қытай сыртқы істер министрі Ван И оның елі Украинадағы соғысты аяқтауға бағытталған күш-жігерді қолдайды деп мәлімдеді. Атап айтқанда, бұл Ресей мен АҚШ қол жеткізген соңғы "консенсусқа" қатысты болып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қытай СІМ басшысы Бейжің "бір-бірінің алаңдаушылығын ескеретін" тұрақты әрі ұзақ мерзімді шешімге қол жеткізуге үміттенетінін атап өтті.
Қытай бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған барлық күш-жігерді, соның ішінде АҚШ пен Ресейдің соңғы консенсусын қолдайды, – деп қосты ол.
Сонымен қатар, Ван И Қытайдың бейбіт келіссөздерде "сындарлы рөл" ойнауға дайын екенін атап өтеді.
УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС ПЕН ТРАМП ФАКТОРЫ
Ресейге Украинаны бағындыру үшін үш жыл жеткіліксіз болды. Әлем АҚШ-тың жаңа президенті өз уәдесін орындап, соғысты тоқтатады деп күтті. Алайда ол үміт ақталмағаны былай тұрсын, жағдай қазіргіден де ушығып кеткен сыңайлы: Трамп АҚШ-Еуропа қарым-қатынасын шиеленістірді, Зеленскийді заңсыз президент деп жариялады және Путинмен үзілген байланысты жандандыруға қадам жасады. Ulysmedia.kz сайтының сарапшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Асылбек Бисенбаев осы соғыстың қалай басталып, қалай жалғасып жатқаны және немен аяқталуы мүмкін екенін талдап көрген еді.
Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Трамптың Путинмен кездесуінің шартын атаған.