Бес блогер мемлекетке 70 миллион теңге салық төледі

Сырым Қаржас

Салық төлемегені туралы хабарлама алғаннан кейін бес қазақстандық блогер қазынаға 69 млн теңге төледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  «Қазақпаратқа» сілтеме жасап.

 

Коллаж Ulysmedia

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова мәлімдеді. Аталған бес блогердің аты-жөні жарияланбады.

Жеке тұлғаларға 80 мың хабарлама жіберілді, олардың 594-і блогер.  Оның ішінде бес адам жиыны 900 млн теңге көлеміндегі қосымша табысқа салық декларациясын тапсырды және 69 млн теңге төледі, - деді Құсайынова «Қазақпаратқа».

КОНТЕКСТ

Естеріңізге сала кетсек, ақпан айының ортасында қазақстандық блогерлер қомақты сомада салық берешегі туралы хабарлама ала бастады.

Түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді салық декларацияларының мәліметтерімен салыстыру нәтижесінде 594 тұлғаға қатысты 53,3 млрд теңге көлемінде салық төлемінің сәйкессіздігі анықталған.

Кейін Қазнетте мемлекет алдында қарызы бар деп болжанған белгілі медиа тұлғалардың тізімі жарияланды.