Жаға ұстарлық жағдайда: Алматы облысында мектеп-интернат балалары қалай өмір сүріп жатыр

Сырым Қаржас

Алматы облысындағы мектеп-интернаттың балалары тозығы жеткен ғимаратта тұрып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

instagram/@zakiyevadinara

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы И.Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатта болып, тәрбие ошағын аралап көрген балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлім етті.

6 жастан асқан 170 бала жаға ұстарлық жағдайда өмір сүріп жатыр. Үш жыл бұрын күрделі жөндеу жұмыстары басталды, бірақ мердігер жұмысты аяқтамады және жауапсыз деп танылды. Балалар тозығы жеткен ғимаратта тұруға, оқу ғимаратында түнеуге, спортзалда тамақтануға мәжбүр, - деді балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева.

Омбудсмен бұл мәселені облыс басшылығымен талқылады. Әкімдік мәселені шешудің түрлі жолдарын қарастырып жатыр: жөндеу аяқтау немесе жаңа интернат салу көзделген. Әзірге балаларды басқа интернатқа ауыстыру туралы шешім қабылданды, онда таяуда ғана жөндеу жұмыстары аяқталған және бос орындар бар.