Ulysmedia.kz дереккөзі мәжіліс депутаты Руслан Берденовтің парламенттен кететінін растады.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ол жуық арада өзінің туған жері – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалмақ. Берденовтің кандидатурасын президент әкімшілігі мақұлдаған.
Айта кетейік, қазір Шымкент қаласының әкімі қызметін Ғабит Сыздықбеков атқарып жүр.
Берденов мәжілісте депутат болып отырғанына 2 жылға жуықтады.
Заң бойынша депутаттар 5 жылға сайланады.