Алматыда мүгедектік рәсімделмеген онкологиялық науқастар жәрдемақыдан қағылған

Сырым Қаржас

Алматыда онкологиялық науқастардың құқығы бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz прокуратураға сілтеме жасап.

Ulysmedia коллажы

Прокуратура мәліметінше, Алматыдағы медицина ұйымдары онкологиялық аурулары бар науқастарға мүгедектікті белгілейтін жолдама бермеген. Соның салдарынан ауыр дертке ұшыраған онкологиялық науқастар кепілдендірілген әлеуметтік жәрдемақыларын алу мүмкіндігінен айырылған.

Осыған байланысты тоғыз қалалық емхананың басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, сегіз науқасқа бірінші топ мүгедектігі рәсімделді.

Бұған дейін осындай заңбұзушылықтар Шымкентте де анықталған болатын.