Астанадағы Coventry University Kazakhstan тұңғыш британ университеті оқу гранттарына өтінімдер қабылдай бастады

Ulysmedia

Астанадағы Coventry University Kazakhstan тұңғыш британ университеті оқу гранттарына өтінімдер қабылдай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Құжаттарды қабылдау жұмыстары 2025 жылдың 26 наурызына дейін жалғасады. Гранттар конкурстық негізде «Компьютерлік ғылымдар» және «Бизнес» бағдарламалары бойынша беріледі. Оқу орнын аяқтаған түлектерге британдық диплом табысталады.

Астанадағы Coventry University Kazakhstan тұңғыш британуниверситеті оқу гранттарына өтінім қабылдауды бастады. Конкурсқа мектеп пен колледжді 2025 жылы бітіретін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Олардың IELTS нәтижесі 6.0 баллдан (әр компонент бойынша кемінде 5.0 балл), ал 10-шы (11 жылдық мектеп) және 11-ші сыныптардағы (12 жылдық мектеп) GPA бойынша орташа академиялық көрсеткіші 4.0 баллдан төмен болмауы тиіс. Грант бір жылдық Foundation бағдарламасы мен үш жылдық «Бизнес» және «Компьютерлік ғылымдар» бакалавриат бағдарламаларын қоса алғанда, төрт жылдық оқу бағдарламасын толықтай қамтиды.

ГРАНТТАР

Гранттар «Жарнама және сандық маркетинг», «Бизнес менеджмент», «Бизнес әкімшілендіру», «Халықаралық бизнес менеджменті», «Компьютерлік ғылымдар», «Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект» және «Ақпараттық технологияларды басқару» мамандықтарыбойынша беріледі.

Конкурс екі кезеңнен тұрады. 2025 жылдың 24 ақпанынан 26 наурызына дейін өтетін алғашқы кезеңде, грантқа үміткерлердіңакадемиялық жетістіктері  – олардың IELTS және GPA нәтижелері менреспубликалық және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орын алғанын(бар болған жағдайда) растайтын құжаттары негізінде бағаланады. Екінші кезең 2025 жылдың 27 наурызынан 5 сәуіріне дейін өтеді. Онда үміткерлер эссе жазып, оларды бағалау жұмыстары жүргізіледі.

- Coventry University Kazakhstan Қазақстанның талантты жастарына толық қолдау көрсетуде. Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы университеттерінің  бірінде ақысыз оқу мүмкіндігі жастарға жаңа мүмкіндіктер ашатыны белгілі. Бұл шетелге шықпастан халықаралық стандарттарға сай білім алуға, ел ішінде сұранысқа ие мамандар тапшылығын азайтуға, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, талантты жастардың шет елдерге кетуін шектеуге және олардың болашақта еліміздіңдамуына қосатын үлесін арттыруға үлкен мүмкіндік береді, деп атап өтті Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дәуленов. 

Аталған грант аясында, студенттер Coventry University Kazakhstan оқу орнында тегін білім алып, шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, оларCoventry University оқу орнының жетекші компаниялар және ұйымдармен орнатқан серіктестіктері нәтижесінде, ерекше жобаларға қатысып, тағылымдамалардан өту мүмкіндігіне ие болады. Оқу орнын сәтті аяқтаған түлектерге британдық диплом беріледі.

ӨТІНІМ

Грантқа өтінімдер университеттің www.coventry.edu.kz ресми сайтында онлайн түрде және «Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 13А» мекенжайындағы Coventry University Kazakhstan қабылдау комиссиясында қабылданады.

Бұған қоса, Coventry University Kazakhstan 2025-2026 оқу жылына ақылы негізде студенттерді қабылдауды жалғастыруда. 31 наурызға дейін университетке қабылданған алғашқы 20 студентке 20%-ға дейін жеңілдік беріледі. 

Қосымша ақпаратты Coventry University Kazakhstan қабылдау комиссиясының кеңсесінен ала аласыз: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 13А, call-орталығы: +7 700 317 3333.

АЙТА КЕТЕЙІК

Coventry University — Астанадағы тұңғыш британдық университет. Университет Coventry University Group құрамына кіреді және британдық дипломмен расталған сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Coventry University Kazakhstan бизнес және компьютерлік ғылымдар саласында сұранысқа ие бакалавриат бағдарламаларын, сондай-ақ, MBA бағдарламасын ұсынады. Алдағы уақытта университеттің оқу бағдарламалары өнер және дизайн, құрылыс саласындағы басқару, халықаралық қатынастар, қаржы секілді болашағы зор мамандықтармен толықтырылады.