Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

Ілияс Бақыт

Көктемнің бірінші айымен бірге тек қана жылы ауа-райы емес сондай-ақ демалыстар келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 2025 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗ АЙЫНДА ҚАНША КҮН ДЕМАЛАДЫ?

2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар екі мемлекеттік мерекені атап өтеді: 8 наурыз халықапалық әйелдер күні және 21-23 наурыз мейрамы.  Демалыс күндерінің ауысуына байланысты ел тұрғындары ұзақ демалысқа ие болады.

НАУРЫЗ АЙЫНДА ҚАНША КҮН ДЕМАЛЫС?

  • Бес күндік жұмыс аптасы бойынша – 14 демалыс күні.

  • Алты күндік жұмыс аптасы бойынша – 10 демалыс күні.

Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) сенбіге түседі. Демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, қосымша демалыс күні 10 наурызға (дүйсенбі) белгіленген.

Демалыс кестесі:

  • Бес күндік жұмыс аптасы бойынша: 8, 9 және 10 наурыз – қатарынан үш күн демалыс.

  • Алты күндік жұмыс аптасы бойынша: 8 және 9 наурыз – демалыс, бірақ 10 наурыз (дүйсенбі) жұмыс күні болады.

Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2025 жылы бұл күндер жұма, сенбі және жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбі) ауыстырылады.

Демалыс кестесі:

  • Бес күндік жұмыс аптасы бойынша – қатарынан бес күн демалыс: 21-25 наурыз аралығы.

  • Алты күндік жұмыс аптасы бойынша – демалыс күндері: 21, 22, 23 және 24 наурыз. Ал 25 наурыз (сейсенбі) жұмыс күні болады.

Мемлекеттік мерекелерден бөлек, наурыз айында бірнеше кәсіби және еске алу күндері бар:

  • 1 наурыз – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ. Бұл күні адамдар бір-біріне ризашылық білдіріп, мейірімділік танытады.

  • Наурыздың екінші сенбісі – ЖЕР ҚОЙНАУЫ, ГЕОДЕЗИЯ ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ КҮНІ. Бұл – осы салада жұмыс істейтін мамандардың кәсіби мерекесі.

2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр.