Вакцина алмағандарға қоғамдық орындарға кіру қиындай түседі

Аян Өрібай

Тиісті ұсынысты үкіметтің бүгінгі отырысында денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, спорттық орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарына, караоке, бассейн, сауналарға, моншаларға, «Қазпошта» бөлімшелеріне, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына «ASHYQ» қосымшасымен тек жасыл статусы бар адамдардың кіруіне рұқсат беру жөнінде қосымша профилактика шараларын енгізуді ұсынамыз», - деді Жандос Бүркітбаев бүгінгі отырыста.

Министр бұл норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынды. Осылайша, вакцина алмаған, яғни көк статусы бар адамдарға жоғарыда келтірілген нысандарға кіруге тыйым салынуы мүмкін.