Түрікменстанда 8 наурызға орай әйелдерге 8500 теңгеден берілмек

Сымбат Сатыбалдина

Түрікменстан билігі халықаралық әйелдер күніне орай әйелдерге 60 манат (шамамен 17 доллар) шамамен 8500 теңгеден бермек. Бұл туралы жергілікті үкіметтің отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

pixabay.com

МӘН-ЖАЙ

“Туркменистан сегодня” басылымының мәліметінше, әйелдерге ақшалай сыйлық 1-6 наурыз аралығында түседі. 

АҚША БӘРІНЕ ТҮСЕДІ

Ақшалай сыйлық мемлекеттік және жеке мекемелерде жұмыс істейтін әйелдер, зейнеткерлер, әлеуметтік жәрдемақы алушылар, сондай-ақ білім берудің барлық деңгейіндегі студенттер – балабақша тәрбиеленушілерінен бастап докторанттарға дейін алады.

ҚҰЖАТ

Ел президенті қол қойған құжатқа сәйкес, төлемдер туралы шешім «әйелдердің елдің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесін ескере отырып», сондай-ақ «ана мен қыздарды ардақтау ұлттық дәстүрін» жалғастыру мақсатында қабылданды.

ЖЫЛ САЙЫН ӨЗГЕРМЕЙТІН АҚША

Түркіменстанда әйелдер жыл сайын халықаралық әйелдер күнінде президенттен ақшалай сыйлық алады және оның мөлшері өзгеріссіз қалады. Бүгінде ел азаматтары 60 манатқа бірнеше келі пияз немесе бір келі ет сатып ала алады.