Полиция Алматы облысында жол үсті көпірінен аттармен өткендердің видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ВИДЕО
Әлеуметтік желіде ат мінген бірнеше ер адамның жол үсті көпірден өтіп бара жатқан видеосы тарады.
ЕСКІ ВИДЕО
Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, бұл ескі видео. Оқиға былтыр шамамен қазан-қараша айларында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болған.
- Осы іске қатысы барлардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілгенін хабарлаймыз. Олардың барлығы әкімшілік қамаққа алуды қоса алғанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды, дейді полицейлер.
Сонымен қатар, полицейлер жалдағы мұндай әрекеттер қауіпті екенін еске салды.
- Облыс полицейлері азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, мұндай әрекеттерден сақтануға шақырады, дейді полицейлер.