Әскери прокуратура сарбаздарға темекінің қалдығын жегізген сержанттың үкімі туралы не ойлайды

Сымбат Сатыбалдина

Бас әскери прокурордың орынбасары Талғат Бекбергенов брифинг барысында әскерге шақырылғандарды темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеген сержанттың үкіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

МӘН-ЖАЙ

Бекбергеновтің сөзінше, сержанттың жазасы жасаған ісіне сай келеді. 

- Әскери сот оны билігін асыра пайдаланғаны үшін екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Ауыр зардаптары жоқ, сотталушының жеке қасиеттерін ескере отырып, оған тағайындалған жаза оның түзелуіне жеткілікті, - деді ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін сержант сарбаздарға темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеп, ұрып тастағаны белгілі болған еді. 7 ақпанда Ақтөбе соты оған үкім шығарды

Іс материалдары бойынша оқиға Ақтаудағы №25744 әскери бөлімде болған. Медициналық ротаның аумағын тазарту кезінде сержант темекі тұқылын тауып, екі қатардағы жауынгерден оны жеуді талап етті. Сарбаздар айтқанын істеген, кейін олардың бірі уланып, медициналық пунктке жүгінген.

Сержант кінәсін мойындамады. Ол ешкімді темекі тұқылын жеуге мәжбүрлемегенін және күш қолданбағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ол жай ғана ескертулер жасаған, ал оның сөздерінің растайтын куәгерлердің сөзі еленбегенін айтқан.

СОТ ШЕШІМІ   

Сот сержанттың кінәсін толық дәлелденген деп тапты. Оның 2 жыл бас бостандығы шектелді. 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекпен айналысуға міндеттелді.