«Екі рет ұрды»: лифтте пышақ сілтеген бала өзін ұрғанын айтқан

Ілияс Бақыт

Әлеуметтік желілерде 14 жасар шизофрения диагнозы бар жасөспірімнің астаналық психоневрологиялық диспансерде санитар тарапынан соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеодан скриншот

АНАСЫНЫҢ ШАҒЫМЫ

Бұл оқиға туралы Астанадағы ерекше балалар ата-аналары одағының төрайымы Гүлсан Мауина Instagram-да хабарлады. Оның айтуынша, жасөспірім анасына екі рет мекемеде соққыға жығылғанын айтқан. Жасөспірімнің анасы полицияға жүгінді, бірақ тергеу баяу жүріп жатыр. Ол сот медициналық сараптама жүргізуді талап етіп отыр.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

“Кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша шешім қабылданады. Бұл факт Алматы аудандық полиция басқармасында тіркелген,” — делінген Полиция департаметінің түсініктемесінде.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, жантүршігерлік жайт 11 ақпанда болған. Жәбірленуші бала небәрі 5 жаста.  Лифт ішінде пышақпен балаға шабуыл жасаған адам – психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім екені анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды. Полиция департаментінің мәліметінше, олар «баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылады». Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.