Ең қымбаты 17 млн: байлардан мемлекет тәркілеген сағаттар сатылды

Сымбат Сатыбалдина

Астанада қайтарылған актив есебінен байлардан мемлекет тәркіленген сағаттар аукционда сатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

БІРІНШІ ЛОТ

Бірінші лотта "Chopard" Imperiale қолсағаты. Бастапқы құны 4 819 512, кепілдік жарнасы – 722 927 теңге. Сағат 4 819 512 теңгеге сатылды. 

ЕКІНШІ ЛОТ

Екіншісі – "Alpina" Pilot Heritage қолсағаты. Сағаттың бастапқы құны – 157 158 теңге болған. Алайда аукцион қорытындысы бойынша, сағат 493 230 теңгеге сатылған. Болаттан жасалған сағаттың білезігі бұзау терісінен. Сағаттың кепілдік жарнасы небәрі 23 574 теңге болған. 

ҮШІНШІ ЛОТ 

Келесі арзан лоттың бірі – қолға арналған "Eco Swis" сағаты. Аукциондағы сағаттың бастапқы құны 78 579 теңге. Сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 246 507 теңгеге сатылды. 

ТӨРТІНШІ ЛОТ

Байлардан тәркіленіп сатылған кезекті сағат – "Cartier" Ballon Bleu Tourbillon. Сағаттың бастапқы құны – 13 306 044 теңге болған. Сауда қорытындысы бойынша сағат 17 710 345 теңгеге сатылды. Ақ алтыннан жасалған сағаттың білезігі қолтырауынның терісінен. 

АУКЦИОНҒА ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ

Активтер ашық және бәсекеге қабілетті шарттар бойынша өтеді. Бұл қатысушыларға бәрі тең дәрежеде қолжетімді болады деген сөз. Сауда-саттыққа қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнасын төлеп, қызықтырған лотқа өтінім беру қажет.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС барлық мүдделі тұлғаларды осы бірегей мүмкіндікті пайдаланып, зергерлік бұйымдарды тиімді шарттармен сатып алуға шақырады.