Жеті жасар ұлды зорлады деп айыпталған экс-шенеунік өмір бақи түрмеде отыратын болды

Сырым Қаржас

Жетісу облысында жеті жасар баланы зорлау ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Орда.кз басылымының мәліметінше, айыпталушы Серікхан Жақыпов өмір бойына сотталған. Сот оны тағылған айып бойынша кінәлі деп таныды.

Бұған дейін сотта прокурор Ерлен Жантасов Жақыповқа өмір бойы қамау жазасын талап еткен. 

Серікхан Жақыпов 2020 жылдың күзіне дейін Ақсу ауданы әкімі аппаратын басқарған. 2021 жылы мемлекеттік қызметшілер арасындағы этика мәселелері жөнінен уәкілетті ретінде қызмет атқарды. Ал 2024 жылдың 31 наурызында оны аудандық мәслихат депутаты ретінде сайлады.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Ақсу аудандық полиция бөлімі бұған дейін кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаған еді. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.