Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге Ақ үйге келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЗЕЛЕНСКИЙ АҚ ҮЙГЕ КЕЛДІ
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге Ақ үйге келді, онда украиндық сирек кездесетін металдар мен басқа да пайдалы қазбаларды өндіру туралы негіздемелік келісімге қол қою күтілуде.
Тікелей трансляцияны AP агенттігі жүргізеді.
Зеленскийді кіреберісте Трамп қарсы алды.
БҰҒАН ДЕЙІН
АҚШ пен Украина сирек жер металдары бойынша келісімге келуге жақын екенін хабарлаған едік.
СИРЕК ЖЕР МЕТАЛДАРЫНА ҚАТЫСТЫ КЕЛІСІМ НЕ ТУРАЛЫ?
Бірнеше аптаға созылған келіссөздер барысында келісімнің мазмұны мен маңызы айтарлықтай өзгерді. Украина өз қазба байлығын АҚШ-қа бермейді, алайда қауіпсіздік кепілдіктерін де нақты ала алмайды. Бұл келісімнің негізгі мәні неде, және оның салдары қандай болуы мүмкін?
СИРЕК ЖЕР МЕТАЛДАРЫ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ҚАЛАЙ ӨТТІ?
АҚШ президенті Дональд Трамп ақпан айының басында Украинадағы сирек жер металдары туралы алғаш рет мәлімдеді. Ол Украинадан соғыс басталғалы бері көрсетілген көмектің орнын осы пайдалы қазбалармен толтыруды талап етті. Трамп бұл көмекті 500 млрд доллар деп бағалады, алайда Киль әлемдік экономика институтының есептеулері бойынша, АҚШ-тың Украинаға берген нақты көмегі 120 млрд доллардан аспайды.