Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы 9 930 млрд-қа бағаланды: бұдан әрі не күтеміз

Сырым Қаржас

“Астана” халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) Қазақстанның коммерциялық жылжымайтын мүлігін дамыту туралы есеп ұсынылды. Құжатқа сәйкес, 2024 жылы елдің жылжымайтын мүлік нарығы 930 миллиард долларға бағаланды және бұл сома өсе береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Коллаж Ulysmedia

ТОЛЫҒЫРАҚ

Есеп Алматыда өткен AIFC Business League кездесуінде таныстырылды. АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров 2025 жылы нарық көлемі 9 990 млрд долларға дейін, ал 2028 жылға қарай 1,18 трлн-ға дейін ұлғаятынын атап өтті.

2025 жылы 9 990 млрд долларға дейін өседі, ал 2028 жылға қарай 1,18 трлн-ға жетеді деп болжанып отыр. Елдің ЖІӨ-дегі жылжымайтын мүлік нарығының үлесі – 3,17%, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш – 4,53%, Канадада — 3,83%, Қытайда – 7,15%. Бұл деректер сектордың айтарлықтай өсу әлеуетін көрсетеді, - деді ол.

НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАР

Есепте Қазақстан аумағының үлкен, ал ондағы халық санының аз болуы жылжымайтын мүлік нарығын одан әрі дамытуға қолайлы жағдай туғызады делінген.

Жақын арада ғимараттар мен қоймаларды жалдау ақысы көтерілуі мүмкін деген болжам бар. Әсіресе, Алматыда нарық қарқынды дамып келеді, оңтүстік астанада заманауи қойма кешендеріне сұраныс жоғары.

Өсімнің негізгі факторларының бірі:

Жаңа көлік дәліздерін қоса алғанда логистикалық инфрақұрылымды дамыту және жолдарды жақсарту,

Электронды коммерцияның қарқынды өсуі,

Kaspi.kz, Озон, Wildberries сияқты жергілікті және халықаралық “ойыншылар” санының көбеюі, бұл технологиялық жабдықталған фулфилмен-орталықтарына cұранысты арттырады.

КЕҢСЕ ҒИМАРАТТАРЫ НАРЫҒЫ

Кеңсе ғимараттары нарығы коммерциялық жылжымайтын мүліктің ең сұранысқа ие сегменттерінің бірі болып қала береді. Бұрын қалыптасқан негізгі үрдістердің дамуы 2024 жылы да жалғасты.  

Кеңселерге деген жоғары сұраныс ұсыныстан едәуір асып тұр. Бұл ғимараттардың, әсіресе жайлы ауданда орналасқан нысандардың бос тұрмауына әсер етеді.

Жалға алушылар негізінен А және А+ класындағы кеңселерге қатты қызығушылық танытады. Бұл санаттағы сапалы кеңселер, сондай-ақ В класындағы ғимараттар еліміздің екі ірі іскерлік орталығы – Алматы мен Астанада шоғырланған.   

 Экономика мен бизнес дамыған сайын кеңселерге, қоймаларға және сауда орталықтарына сұраныс өсе береді. Халықаралық компаниялар көптеп Қазақстан нарығына шыға бастайды, ал стартаптар мен фрилансерлер тарапынан коворкингтерге сұраныс артады, - деп толықтырды Бектұров әлеуметтік желіде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2024 жылы тұрғын үй құрылысы өскені белгілі болған. Көлемі бойынша Астана көш бастады, бірақ ең жоғары өсу қарқыны Түркістан облысы мен Шымкентте тіркелді.